WE FRY — фридің алтын классикасы.

Біз фермерлік картопты жинап, фритюрға мінсіз сай келетін сұрыптарды ғана іріктеп аламыз. Құрамында ешқандай тұз, қант не консервант жоқ — тек таза өнімді, табиғи күнбағыс майын және экологиялық өндіріс тәжірибесін қолданамыз.

5
Үйде дайындауға арналған өнім саны
18
HoReCa серіктестеріне арналған өнім саны — wefry.ru
WE FRY көше гастросахнасын дамытып жүрген, дұрыс қытырлаққа ерекше мән беретін жобаларды қолдайды. Сондықтан WHERETOEAT Kazakhstan сыйлығы аясында біз WE FRY ON FIRE — «Ең үздік стрит‑фуд концепциясы» номинациясын аштық. Өз жобаңызды ұсыныңыз, сарапшылар бағасын алыңыз және ауқымды гастрономиялық шараның қатысушысы атаныңыз.
WE FRY — мұздатылған картоп фри мен батат өндіретін ресейлік жетекші компания. 2014 жылдан бері біз Lamb Weston/Meijer және McDonald’s сияқты әлемдік алпауыттармен бірге 32 миллиард рубльден астам инвестиция тартып, сәтті игердік.

Біз заманауи технологияны, инновацияларды, команданың кәсібилігі мен экологиялық өндіріс тәсілдерін сәтті ұштастырамыз.

Өнім дайындаудың әр кезеңіндегі ұсақ‑түйекке дейін мұқият мән беріп, сапаға баса назар аударамыз. Соның арқасында серіктестеріміз тұрақты табысқа қол жеткізіп отыр. Оларға бас сұққан қонақтар да тіл үйірер тағамға тамсанып: «Тағы бір картоп фри бере салыңызшы!» дейді.

WE FRY әлемнің ірі фаст‑фуд желілеріндегі тап сол аңызға айналған картоп фриді шығарады.

WE FRY ҚАНДАЙ КОМПАНИЯ?

Кесте

21.10
Номинация тұсаукесері
21.10-21.11
Өтінім қабылданады
25.11
Финалистер тізімі
жарияланады
03.12
Жеңімпаздар анықталады

Өтінімді екі жолмен — жоба атынан немесе қонақ ретінде беруге болады

— Номинацияға өз жобаңызды ұсыныңыз

— Жұрт білуге тиіс деп есептейтін сүйікті жобаңызды ұсыныңыз

Стритфуд санатына кім кіреді?

Неге мән береміз?

Концепция мен идея
(15 ұпай)
Жоба идеясының анық баяндалуы: жобаның мәні қандай, айтпағы не, неге жұмыс істейді және басқалардан несімен ерекше?
Концепцияны жүзеге асыру
(15 ұпай)
Идея мәзірде, интерьерде, визуал мен тағам тартуда қаншалықты үйлесімді жүзеге асқан?
Мықты өнім
(20 ұпай)
Моноөнім дайындаса да, танымал тағам түрлерін пісірсе де — жоба өзі таңдаған бағыт бойынша қаншалықты кәсіби әрі шебер жұмыс істейді?
Креатив
(15 ұпай)
Форматта, тағам тартуда, визуалда не коммуникацияда жобаны бірегей ететін дүниелер бар ма?
Өзекті әр жергілікті
(10 ұпай)
Жергілікті өнімдерді пайдалана ма, жергілікті контекспен және төл мәдениетпен байланысы қандай?
Айдентика
(10 ұпай)
Фирмалық стиль, визуал элементтер, әлеуметтік желілер, контент пен промо‑материалдар идеяға сай ма?
Қонақтар пікірі
(10 ұпай)
2GIS, Google Maps және Яндекс Карты қызметтеріндегі бағалар мен пікірлер қандай?
Тағамның концептуалдығы
(10 ұпай)
Таңдалған тағам жоба мәнін қаншалықты жеткізеді, оның сипатын тануға көмектесе ме?
Әр жоба 8 критерий бойынша бағаланады. Ең жоғары ұпай — 105. Ұпайды қазылар алқасының мүшелері жеке-жеке қояды да, кейін бәрі қоса есептеліп, қорытынды рейтинг шығады.
1. Мәзірі: тағам тез дайындалуы керек, бірақ сапалы әрі ерекше етіп тартылуға тиіс

2. Тағам түрлері: бургер, дөнер, кеспе, картоп фри, тәтті тоқаштар сияқты танымал көше тағамдары немесе солардың авторлық интерпретациясы мен жергілікті дәм болуға тиіс

3. Концепция мен атмосферасы: идея, интерьер мен команда көше гастрономиясының рухын паш етіп тұруы керек

4. Ауқымы: жоба форматы стритфудқа сай болса, мейрамханалар, кафелер, киоскілер мен корнерлер де қатыса алады

ЖАРҚ ЕТЕ ҚАЛ! ӨТІНІМ 21 ҚАЗАННАН БАСТАП ҚАБЫЛДАНАДЫ

Қазылар алқасы

Руслан Закиров

Алматыдағы AUYL, Огонёк, JINAU, SPIROS және PALOMAR мейрамханаларының, сондай‑ақ Санкт‑Петербургтегі Kuznyahouse‑тың бренд‑шефі. WHERETOEAT KAZAKHSTAN 2024 нұсқасы бойынша «Жыл шеф‑аспазы».
Андрей Съедин
Мейрамхана сыншысы, гастро‑энтузиаст және тағам туралы жазатын «ГастроБайтер» арнасының авторы. Андрей байқау қатысушыларын қалай сынарын таяуда білеміз.
Светлана Ханинаева
Ет дайындау шебері, KAZMYASO бренд‑шефі, «МастерШеф» кулинарлық шоуының финалисі және TEDx Talks спикері. 2024 жылы Светлана Wheretoeat Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік бес шефінің қатарына еніп, биыл өзі қазылар алқасының қатарынан табылып отыр.
Metropolis Almaty
Гастрономия, қонақжайлық индустриясы мен қала мәдениетін қамтитын HoReCa саласындағы қалалық медиа. Metropolis Almaty редакциясы Қазақстанның мәдени және гастрономиялық келбетін өзгертетін жобалар туралы жазады.

Біздің парақшалар